Алланың харам еткеніне мойынсұну мұсылманшылық емес. Абдулла ибн Омардан жеткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сəлемі болсын): «Мұсылман өзіне күнə жасау бұйырылмаса, қаласа да, қаламаса да əмірлерін тыңдап, бағынуы міндетті. Егер оған күнə жасау бұйырылса, онда ол бұл істе оларды тыңдамау жəне бағынбау керек» (əл-Бұхари жəне Муслим). Əбу Əбдəр-Рахман ибн Əли былай деген:
«Пайғамбарымыз мұсылмандарды жорыққа аттандырған кезде Мəдина тұрғындарының бірін басшы етіп тағайындап, қалғандарының бəрін өзіне бағынуды бұйырды. Бір күні жолда ашуланып, адамдарға: «Пайғамбар сендерге маған бағынуларыңды бұйырды емес пе?», – деді. Адамдар: «Иə» деп жауап берді. Сосын: «Маған ағаш жинап бер», – деді. Олар отын жинап болған соң, от жағуды бұйырды, сосын отқа кіруді бұйырды. Жұрт уайымдап: «Оттан аман қалу үшін Пайғамбардың дініне бет бұрдық…» деп бір-бірінің қолынан ұстай бастады. Басшысының ашуы келді. Олар қайтып оралған кезде болған жайтты Пайғамбарымызға айтып берді де, ол: «Егер олар оған кірсе, қиямет күніне дейін шықпас еді. Расында, Алланың бұйырғанына мойынсұну керек» (Фатхул-Бари, 8/58).
Ислам Мұсылман билеушісіне қарсы сөйлеуге тыйым салады. Алланың шариғаты осы лауазымға сайланған мұсылман билеушіге қарсы сөйлеуге үзілді-кесілді тыйым салады. Мұсылманның қолындағы үкіметті құлатуға немесе тіпті оның билігіне нұқсан келтіруге əрекеттенген адам Алла Тағала мен Оның соңғы Елшісінің еркіне қарсы болады. Зияд ибн Құсайб былай деді: «Мен Əбу Бəкратамен бірге Ибн Амир уағыз оқып жатқан кезде оның мінберінің жанында отырдым, ол жұқа əрі нəзік көйлек киген болатын. Осы кезде Əбу Билял: «Біздің əмірге қараңдар. Ол еріктілер киетін СКАЧАТЬ