Қылмыстық процесте бизнесті қорғау. Тайыр Күзекұлы Назханов
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қылмыстық процесте бизнесті қорғау - Тайыр Күзекұлы Назханов страница 4

СКАЧАТЬ енгізілуі тиіс ескертулер жасау құқығы түсіндіріледі. Хаттамаға енгізілген барлық ескертулер, толықтырулар, түзетулер ескертілуі және осы адамдардың қолымен куәландырылуы тиіс.

      Тергеушімен, прокурормен, сотпен қарым-қатынас – бұның барлығы сыртқы қорғаныс. Бірақ клиентпен, ішкі қорғаныспен қалай жұмыс жасау керек? Жалпы қылмыстық істерден айырмашылығы, экономикалық қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша басынан бастап айғақтар беру, тергеуге құжаттарды көрсету қажет. Бұл неліктен маңызды, себебі көптеген адамдар экономикалық қылмыстар туралы істерде ең бастысы құжаттар деп санайды. Иә, дәл солай, бірақ осы дұрыс рәсімделген құжаттарды өзің тергеушіге бірінші көрсетіп, оның қатысы бар адамға деген қызығушылығын жоғалтатындай етіп түсіндіріп берген дұрыс. Тергеу – жедел тобы клиенттің кеңсесіне куәгерлерімен келіп, жәшік- терге салынған компьютерлері бар барлық құжаттарды тәркілеп, клиентті ешнәрсесіз қалдыруы сорақылық болып табылады. Тәркіленген құжаттардың көшірмелерін уақытысында жасамағандықтан, болашақта сол құжаттарға сілтеме жасай алмайды.

      Сондай-ақ салық төлеуден жалтару үшін келесідей трюк қолданылады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау үшін салықтық тексеру актісі талап етілетіні белгілі. Егер берешек сомасы 50 мың АЕК-тен асатын болса, онда салық қызметкерлері актіні материалдарымен бірге қаржы мониторингі органдарына жібереді. Бірақ ол басқа жолмен де орын алады. Мысалы, тәжірибемде мынадай жағдай болды, букмекерлік кеңсенің басшылығы мен қызметкерлеріне қатысты құмар ойындар ережелерін бұзу бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы іс аясында салықтық тексеру тағайындалды. Салық кодексі бойынша қылмыстық іс шеңберінде салықтық тексеру жүргізілген жағдайда хабарлама сот үкімінен кейін ғана шығарылады. Мәселен, ҚР Салық кодексі 159-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде салықтық тексеру жүргізілген жағдайда, өзіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқан салық төлеушіні тексеру нәтижелері туралы хабарлама қылмыстық істі қарау аяқталғаннан кейін шығарылады. Осылайша, кәсіпкердің азаматтық тәртіпте хабарламаға шағымдануға мүмкіндігі жоқ.

      Бізде қазіргі таңда 01.01.2015 жылға дейін, яғни ҚР соңғы ҚПК заңды күшіне енгенге дейін болғандай тергеуге дейінгі тексеру жүргізілмейді. Енді сотқа дейінгі тергеудің басталғаны туралы адамдар тінту, құжаттар алынып, шоттар жабылып, контрагенттерден жауап алу жүргізіліп жатқан кезде ғана біледі. Алайда қылмыстық істің ашылғаны туралы мәлім бір белгілер арқылы анықтауға болады. Бұл туралы банктерден, мемлекеттік кіріс органдарынан сұрау салулар куәландыруы мүмкін. Кәсіпкер мұны сезгеннен кейін бірден бухгалтерлік есепті тексеруді қамтитын компанияның аудитін өзі жүргізуі керек. Оның үстіне мұндай тексерулерде «тәжірибелі» адамды сырттан шақырған дұрыс. Онымен бірге экономикалық қылмыстық істерге мамандандырылған адвокат СКАЧАТЬ