Адвокатпен сұхбат. Тайыр Күзекұлы Назханов
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Адвокатпен сұхбат - Тайыр Күзекұлы Назханов страница 11

СКАЧАТЬ Ол қылмыстық іс материалдарына қоса тіркеліп, жәбірленуші азаматтық талап қоюшы болып танылады. Осы сәттен бастап ол жәбірленуші екендігімен қатар тағы бір азаматтық мәртебеге ие болады. Ол енді сонымен бірге азаматтық талап қоюшы! Егер қылмыскерден ұрланған зат тәркіленсе, жәбірленуші сәйкестендіру үшін шақырылады. Оған заттарды тану ұсынылады…

      ДАНИЯЛ – Сонда ол: «Ия, бұл менің ноутбугым, оны менен осын- дай күні ұрлап кетті!» – деп мәлімдейді.

      ТАЙЫР – Шамамен солай. Ал егер жәбірленуші өзінің заттарын танып жатса, онда олар қауіпсіздік туралы түбіртекке қол қойғызылып, қайтарылады немесе сот заттай дәлелдемелер бойынша кейіннен шешім қабылдауы үшін қылмыстық іс материалдарында қалдырылады.

      ДАНИЯЛ – Яғни, жәбірленушінің сөзіне ешкім бірден сенбейді ме?

      ТАЙЫР – Осы санаттағы істер бойынша сотта қылмыстық іспен бірге азаматтық талап қоса қаралады. Сот үкім шығарумен бірге талапты қанағаттандыру немесе қараусыз, не қанағаттандырусыз қалдыру туралы шешім қабылдайды .

      ДАНИЯЛ – Яғни, тіпті кинематографиялық алаяқ Джордж Милославский ұсталса, тіс дәрігері Шпак оның мойнына қосымша күртелер мен магнитофондарды «іліп қоюы» мүмкін емес пе?..

      ТАЙЫР – Бәрі де мүмкін… Алайда, ол өзі заң бұзушы қатарына қосылуы мүмкін, сондықтан жәбірленуші өзіне келтірілген материалдық залалдың мөлшерін асыра бағалау алдында жүз рет ойлануы керек.

      ДАНИЯЛ – Егер мүлік сақтандырылса және бүлінсе ше? Немесе ол мүлдем ұрланбаған, бірақ жәбірленуші оны ұрланды деп қоса айтса ше?

      ТАЙЫР – Егер бұл жағдайда сақтандыру компаниялары «араласса», онда Шпакқа мүмкін, мүлдем ештеңе болмайды. Олар «күртелер мен магнитофондар» сияқты, тіпті одан да құнды заттарды төлеуге мүдделі емес.

      БЕЛГІСІЗДІ ТАБУ

      ТАЙЫР – Қылмыскерлерді анықтау әдістеріне қайта оралайық. Күәгерлер жайлы айтып өттім, егер, әрине, олар болып жатса. Олардан жауап алынуы керек, сонымен бірге мүмкіндігінше дәлірек айғақтар. Айталық, біреу қылмыс болған кіреберістің жанында бір топ жастарды көрді. Олар сөмкелерімен шығып, мынандай түсті көлікке мінді делік. Егер, күәгерлер көліктің нөмірін естерінде сақтап қалса тіпті жақсы.

      ДАНИЯЛ – Сонымен қоса, қылмыскерлер өздерінің құжаттарын түсіріп алулары мүмкін…

      ТАЙЫР – Әзіл әзілмен, бірақ мұндай қателіктер де орын алып тұра- ды. Өкінішке орай, қылмыстың куәгерлері әрдайым бола бермейді.

      ДАНИЯЛ – Қазіргі уақытта бақылау камералары көптеген жерлерде орналасқан.

      ТАЙЫР – Бұл жерде де өз қиындықтары бар. Ешкімнің себепсіз бейнелерді алуға және көруге құқығы жоқ, детективті сериалдағыдай бәрі оңай емес. Бейне жазбаларды алу үшін, осы камералардың иесіне жүгіну керек.

      ДАНИЯЛ – Олай әрекет жасамаған жағдайда, қорғаушы кейіннен бұл жазбаларға қарсы бола алады ма?

      ТАЙЫР – Әрине.

      ДАНИЯЛ – Сонымен қатар, телехикаяларда тергеу әдетте қылмы- СКАЧАТЬ