Қанатты сөз – қазына. 2-кітап. Кеңес Оразбекұлы
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қанатты сөз – қазына. 2-кітап - Кеңес Оразбекұлы страница 23

СКАЧАТЬ жеңгесі мен қайнысының, бажалардың, құрдастардың арасындағы қалжың ерсі емес. Кейбір жігіттер әкесінің құрдастарымен де реті келген жерде үлкен адамның жасын сыйлауды ұмытпай зілсіз, жеңіл қалжыңдасып жүреді», «Әкесі құрдастың баласы құрдас» дегеніміз – осы». (М. Ниязбеков, 105.31).

      «Құрдастардың әйелдері де құрдас болып есептеледі. „Әкесі құрдастың баласы құрдас“ деп, олардың балалары да әзілге араласып отырады. Құрдастық қалжыңдар басқа түркі халықтарының арасында кездесе бермейді». (С. Кенжеахметұлы, 43.217-218-б.).

      Әзіл-қалжыңға жуық жүретін халқымыз соған ілік іздегенде, осы мақалға жүгінеді. «Әзілің жарасса, атаңмен ойна» мақалы да содан туған.

      ӘКЕСІНЕ БАЛАСЫ КЕРУІШ ҮЙРЕТІПТІ

      Бұл – әкесіне баласы ақыл үйретіпті дегенге саяды.

      «Керуіш – музыка аспабы (оның пошымы садаққа ұқсайды, астында жастық ағашы, екі басын шалқасынан кере тартып тұратын бұрау ағашы бар. Оның шегі кәдімгі шуда жіп болған. Керуішті „адырна“ деп те атаған. „Әкесіне баласы керуіш үйретіпті“ деген мақал содан қалған. Керуішпен шабуылға шақыратын, жауға шапқанда да соны азынатып, айқай-қиқуға басатын». (Б. Қыдырбекұлы, 69.).

      ӘЛЕМНІҢ ЖЕТІ КЕРЕМЕТІ

      «Қазақ халқы ғана емес, әлем халықтары да жеті санын қастерлеген. Біздің жыл санауымыздан үш ғасыр бұрын ұлы қолбасшы патша Александр Македонский (Ескендір Зұлқарнайын) Кіші және Орта Азияны, Египетті, Оңтүстік Индияны, т.б. елдерді жаулап алып, сол өңірлерде өзі көріп тамашалаған ерекше сәулет өнер үлгілеріне аса жоғары баға берген. Кейінгі заманда олар „Әлемнің жеті кереметі“ атанған». (Ж. Кейкін, 42.).

      Сол уақыттары «Әлемнің жеті кереметі» дегенде, мынандай сәулет өнер үлгілері ауызға ілігетін:1.Мысыр пирамидасы. 2.Вавилон-ның аспалы бағы.3. Ертедегі Артемида храмы.4.Олимпиадағы Зевстің мүсіні.5.Галикарнастағы Мавсол патшаның табытханасы.6.Жерорта теңізі аралындағы Гелиостың (Күн Құдайы) қоладан жасалған мүсіні. 7. Александрия манары.

      Бүгінде бір таңғажайып құрылысқа баға бергенде, «Әлемнің жеті кереметінің бірі» деп таңдай қағатынымыз содан қалған.

      ӘЛЕМНІҢ СЕГІЗІНШІ КЕРЕМЕТІ

      «Әлемнің жеті кереметі» деген ұғымды біздің дәуірімізге дейінгі III ғасырда Жерорта теңізі жағалауындағы халықтар қалыптастырған екен (Қара – «Әлемнің жеті кереметі»). Қасиетті де тылсым жеті санымен байланыстырылып, ежелгі дүниенің ауқымымен өлшен-генімен, бұл ұғым күні бүгінге дейін өзгеріссіз жетіп отыр.

      Әйткенімен, жеті кереметтің қатарына әлемнің басқа бөлігіндегі, яғни, Азия, Еуропа, Америка, Африка құрлықтарындағы көптеген ғажайып, ауқымды құрылыстар кірмей қалған. Америкадағы инктердің пирамидаларын, Ұлы Қытай қорғанын, Үндістандағы Тәж – Махалды, Александрия кітапханасын, Ұлықбек овсерваториясын, Пальмира, Петербург, Венеция ескерткіштерін және тағы басқаларды да кереметтердің қатарына жатқызуға болар еді. Ал өзіміздегі аңызға айналған Отырар кітапханасы, Қожа Ахмет Иассауи мавзолейі де сондай ғажайыптардың қатарында емес пе.

      Сол СКАЧАТЬ