Темірбеков Садуахас. Өнегелі өмір. Ш. 35. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Темірбеков Садуахас. Өнегелі өмір. Ш. 35 - Коллектив авторов страница 12

СКАЧАТЬ сол мектепті бітірген жас бизнесмен Алдаберген Рысбаев деген азаматымыз 2004 жылы 14 миллион теңгеге спортзал салдырып берді. Жобасы жағынан да, істелген жұмыстың сапасы жағынан да, облыс бойына үлгі боларлықтай жай болды. Сол жылы тамыздың жиырма төрті күні салтанатты ашылуы болды. Облыстың әкімі басқарған бір топ қызметкерлер қатысты. Облыс әкімі Болат Жылқышиев сөз сөйлеп, үлкен іс істелгеніне тоқтап, жеке басының қаржысын елі үшін аямаған Алдаберген Рысбаевқа үлкен рақмет айтты, халық та батасын берді.

      Бұл мектептен қазірдің өзінде отызға жуық ғылым кандидаттары, доценттер, оннан астам ғылым докторы мен профессорлар шығыпты. Осында оқығандар ішінде екі халық қалаулысы бар: бірі – Кеңес кезіндегі, бірі – парламент депутаты.

      1946 жылы ауылдан келген бір топ бала Шымкент қаласындағы Кеңестер Одағының батыры Сыпатаев атындағы орта мектептің 8-сыныбына қабылдандық. Жанында аз орындық интернаты бар екен. Одан бізге орын жетіспей, бес бала бір өзбек кемпірдің үйінде пәтерде тұрдық. Қазір ойлап отырсам, ол үйде ешқандай жағдай жоқ екен ғой. Қыстың күні от жағылмайды. Тіпті, ішетін, жуынатын суы қораның ішіндегі арықтан ағып жатыр. Сол кездегі табиғат тазалығын қатаң сақтаған адамдар суды әулиедей күтіп, ішіне қоқыс тастатпай, өте таза ұстайтын. Сол судан шөлдегенде іше саламыз, шай қайнатамыз, ешуақытта ауырған емеспіз. Біздің ауылда өскеніміздің бір пайдасы сол – ешқандай күй, жағдай таңдамайтынбыз. Өйткені ауыл тұрмысы ол кезде аса мәз емес еді. Қыстың күні тамақ істейтін басқа жерде от жағылмайтын. Жататын бөлмелеріміздің еденіне қамысты немесе сабанды қалың етіп салып, үстіне киіз төсеп, қоятұғын, көрпені жамылып, соның үстіне жата салатын едік.

      Біз бірте-бірте интернаттағы босаған орындарға жайғастық. Мұғалімдер сабақты жақсы түсіндіреді. Миыңа құйып береді. Соғыс кезінде ауылдық жерлерде білімді мұғалімдер аз болды. Мұндағылар соны ескеріп, материалды жақсы түсінгенімізше келесі тақырыпқа жылжымайтын. Білімнің негізі терең қалана бастады. Біз сыныптас достарымызбен сол кезде ерекше ықыласпен білім берген ұстаздарымызды ылғи еске алып жүреміз. Олардың көпшілігі бүгінде бақилықта. Солардың ішінен химия-биология пәнінен берген Хазима Батыршина, анотомия және физиология пәнінен Ибагүл Мұсаева, физика пәнінен ұстаздық еткен Сұлтан Бұхарбаев, математикадан сабақ жүргізген Сопбек Тілеуқабылов ағайлар біздің жадымызда мәңгілікте қалып қойды. Сопбек Тілеуқабылов Ленинградтағы Герцен атындағы пединститутты, Ізбасар Бекманов ағай Абай атындағы қазақ педагогикалық институтын бітіргендер болатын. Бір айта кететін нәрсе, Бекманов ағай Міржақып Дулатовты айтып қалатұғын. Бір күні ылғи үздік оқитын төрт-бес бала келіп қалды. Соларға ағай Сұлтанмахмұттың «Алаш туы астында күн сөнгенше сөнбейміз» – деген өлеңін оқып берді. Біздің жан дүниеміз шымырлап кетті. Соңында Сұлтанмахмұттың басқа өлеңдерін де оқыды. Бұл ақынды ағайымыз өте жақсы көретін. Оның өлеңдерін аса ыстық ықыласпен оқып, ынта-шынтысымен түсіндіретін. Осы кезде СКАЧАТЬ