Название: Бэла Ахметова: Өнегелі өмір. 28-шығ
Автор: Коллектив авторов
Издательство: КазНУ
Жанр: Зарубежная образовательная литература
isbn: 978-601-04-0187-7
isbn:
Ғылыми және әдістемелік жұмыстар нәтижесі бойынша Бэла Ахметова 50 ғылыми еңбегін, олардың ішінде басқа авторларды қатыстыра отырып, жалпы көлемі 42 баспа табақ төрт оқу құралын және «Көлеңкелер эффектісі және протонография» атты (6,3 баспа табақ) монографиясын жариялады.
Мұндай қыруар еңбек, шынында да, тек ғылымда емес, сол сияқты өндірістік практикада да өзінің құндылығымен, қайтарымдылығымен ерекшеленеді.
Университеттің кәсіподақ комитетінің қоғамдық жұмыстарында профессор Бэла Ахметова белсенділік танытумен келеді. Ол қаладағы аудандық Кеңес депутаты болып сайланып та, еңбекші жұртшылыққа қызмет етті, «Жарыс жеңімпазы» белгісімен, Қазақстан Республикасының Жоғарғы кеңесінің, Жоғары және орта арнаулы білім ми- нистрлігінің Құрмет грамоталарымен, Бүкілодақтық «Білім» қоғамының медалімен марапатталған.
Барлық уақытта да, университет пен үйінде де Бэла Ғабдолғалиқызы жұмыстан қолы босамай, үнемі тынымсыз тіршілік үстінде жүреді.
БЭЛА
Қайбір ғалым болмасын, өзінің алғашқы адымын нақтылы бір мәселені шешуді мақсат тұтудан, яғни шұғылданатын проблемалары мен міндеттерін анық ажыратып алудан бастайтыны белгілі. Қазақ мемлекеттік университетінің физика факультетін үздік бітіріп, МГУ-дың аспирантурасына түскен Бэла Ахметова өзінің ғылыми жетекшісі, профессор А.Ф. Тулинов ашқан жаңа физикалық құбылыс – көлеңкелер эффектісіне тән заңдылықтарды түкпірлеп зерттеуді, оның ерекшеліктерін табуды өзінің басты мақсаты деп білді.
Шәкіртінің бұл талабына профессор да разы-тұғын. Өйткені, алғашқы жүздесіп әңгімелесуден-ақ Бэла ядролық физикадағы түрлі күрделі құбылыстар табиғатын жақсы танып-түсінетіндігімен, зерделі ұғымталдығымен, теориялық тәуір дайындығымен бірден көзге іліккен. Ал, енді физикадағы жаңа құбылыстың ашылғаны әлемге әйгіленгенімен оны жаңа эксперименттер, зерттеулер арқылы түбегейлі тану, оның өзге ғылымдарды дамытудағы рөлін айқындау, тиісті ғылыми маңызына көз жеткізу жүйелері әлі де алдағы шаруалар қатарында тұрғандықтан, жас физиктің қиын іске құлшыныс білдіргені профессор ойларымен толық үйлесім тауып жатты.
Иә, бұл шынымен оңай емес-ті. Оңай болмайтыны: әлі де үштен бір ерекшелігі електен өтпеген жаңалықтың соңғы нәтижесінде оқыған-тоқыған теориялар мен тұжырымдардың соңынан ала жәй жүріп кетуге болмайтын. Ендеше А.Ф. Тулинов 1964 жылы тапқан физика әлеміндегі тың жаңалықты одан әрі өрбітіп әкетудің қиындығы қыруар екенін, соған сәйкес қызығы СКАЧАТЬ