Название: Коллоидтық химияның көрнекі тəжірибелері
Автор: Əзімбек Қоқанбаев
Издательство: КазНУ
Жанр: Зарубежная образовательная литература
isbn: 978-601-04-2160-8
isbn:
Б-тәжірибесінің орындалуы: Сыйымдылығы 250 мл конус тәрізді құтыға шамамен 50 мл айдалған су құйып, оған Кипп құралы арқылы алынған күкіртсутекті баяулатып жібереміз. 500 мл айдалған суда 3 г. As2O3 ұзақ уақыт қайнатып қаныққын ерітінді жасап аламыз. Сосын сол ерітіндіден 150 мл алып, тамшыны сүзгі арқылы күкіртсутекті жіберуді тоқтатпай отырып, тамшылатып құтыға жібереміз.
Тәжірибені ойдағыдай жүргізу үшін ерітінді арқылы жіберілетін күкіртсутекті жақсылап тазалау керек.
Тәжірибенің нәтижесі: As2O3 күкіртсутекпен өзара әрекеттескенде сары түсті As2S3 гидрокірнесі түзіледі.
А және Б тәжірибелерініңтүсіндірілуі: Берлин көкшілі гидрокірнесін алу кезінде химиялық қос алмасу реакция жүреді:
As2S3 гидролизі жүрген кезде төмендегідей реакция жүреді:
Ескерту: As2S3 кірнесін алғанда тек тартпаның астында жұмыс істеу керек!
5-тәжірибе. Күкірт гидрокірнесін алу (тотықтыру әдісі)
Тәжірибеге қажетті нәрселер: 1) Натрий тиосульфаты Na2S2O3
5H2O; 2) Қаныққан натрий хлориді ерітіндісі; 3) Ыстық сулы жылытқыш; 4) 100 мл-лік өлшеуіш цилиндр; 5) 300 мл-лік стақан; 6) Концентрлі күкірт қышқылы; 7) Суытқыш қоспа (мұз); 8) Шыны мақтасы бар құйғы; 9) Салмақ тастары бар техникалық таразы.Тәжірибесінің орындалуы: 50 г кристалл түріндегі натрий тиосуьфатын техникалық таразыда өлшеп алып, 30 мл айдалған суда ерітіп, ерітіндіні тамшылатып құйғыға ауыстырамыз. 300 мл-лік стақанға (тығ. 1,84) 38 мл мұздың суытқыш қоспасына батырамыз. Сосын осы стақанға, тартпаның астында, алдын ала дайындалған натрий тиосульфатының ерітіндісін тамшылытып қосамыз. Бұл реакцияның нәтижесінде анық сары түсті қою масса түзіледі. Ары қарай стақанға 100 мл айдалған су қосып, 30-40 минуттай ыстық сулы жылытқышта қайнатамыз.
Тәжірибенің нәтижесі: Ерітіндіні суытқаннан кейін ашық түсті күкірт кірнесі алынады. Сосын оны шыны мақтасы бар құйғыш арқылы сүзіп аламыз.
Тәжірибенің ары қарай орындалуы: Алынған күкірт кірнесінің құрамында электролиттердің – негізінен күкірт қышқылымен натрий сульфатының едәуір артық мөлшері болады.
Соңғы кірнені бөліп алу үшін оған аз мөлшерде қаныққын натрий хлоридінің ерітіндісін қоса отырып бірден толық коагуляцияға ұшыратуымыз керек. Түзілген тұнбаны сұйықтықтан бөліп алып, оны сүзгі қағаздарының парақтарының арасында сығамыз. Сосын оны таза айдалған суда пептизациялаймыз. Ерімей қалған тұнбаны, кірнені басқа стақанға құя отырып бөліп аламыз. Осылай алынған күкірт кірнесі жоғары дисперстілік дәрежесіне және салыстырмалы жоғары тұрақтылыққы ие болады.
Тәжірибенің түсіндірілуі: Күкірттің коллоидтық ерітіндісін тотықтыру әдісімен алудың негізі-тотығу реакциясы:
Ескерту: СКАЧАТЬ