Название: Коллоидтық химияның көрнекі тəжірибелері
Автор: Əзімбек Қоқанбаев
Издательство: КазНУ
Жанр: Зарубежная образовательная литература
isbn: 978-601-04-2160-8
isbn:
Ескерту: Тәжірибені ойдағыдай жүргізу үшін жүзгіннің концентрациясы өте үлкен болуы керек. Ол үшін саз бен ұсақ құмның қоспасын, шамамен 500 мл су және 50 г қоспаны, қолдануға болады.
2-тарау
КОЛЛОИДТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ТЕОРИЯЛАРЫНА АРНАЛҒАН ТӘЖІРИБЕЛЕР
2.1. Электркинетикалық және электрқылтүтіктік құбылыстар
1-тәжірибе. Электрфорез құбылысын бақылау. Рейсс тәжірибесі
Тәжірибеге қажетті нәрселер: 1) Саз; 2) Құм; 3) Ұзындығы 4 см 2 платина немесе мыс электродтары; 4) ВСА-10 ауыспалы тоқты түзеткіш; 5) Диаметрі 10 см кристализатор; 6) Диаметрі 12 мм, ұзындығы 15 см 2 шыны түтікше; 7) 1 мл-лік тамшуыр
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: Сазды бөлшектердің электрфорезі бойынша ойдағыдай тәжірибе жүргізу үшін алдын ала сазды қойыртпақ дайындап алу керек. Шамамен 200-300 г бейтарап сазға жақсылап араластыра отырып, аз-аздан 0,02 н 250-300 мл КОН ерітіндісін араластырамыз. Шыны кристализатордың шетіне дейін алынған қойыртпақ толтырамыз.
Шамамен 5-10 г ұсақ өзен құмын барлық қоспалардан тазарту үшін кезекпе-кезек тұз және күкіртқышқылымен өңдейміз, сосын айдалған сумен жақсылап шайқап, кептіреміз.
Тәжірибенің орындалуы: Саз қойыртпаққа бір-бірінен шамалы қашықтықта екі шыны түтікшені тығамыз да, қалыңдығы 0,5 см болатындай етіп жақсылап жуылған өзен құмынан қабат жасап себеміз.
Түтікшелерге 0,1 н КОН ерітіндісінен 15-20 мл құямыз, бірақ оның жоғарғы деңгейі түтікшенің шетіне бірнеше см-дей жетпей тұруы керек. Екі түтікшеге платина немесе мыс электродтарын қойып, оларды жоғары вольтты түзеткіштің клеммасымен жалғастырып, тоқты қосамыз. 120 В кернеудегі ток күші шамамен 50-250 А болады.
Тәжірибенің нәтижесі: Ток қосқаннан кейін бірнеше минут өткен соң, катод жазықтығындағы ерітінді шамамен 1 см-ге көтеріледі, ал анодта 1 см-ге түседі. Екі жақтағы деңгейлердің айырмашылығы 2 см болады. Сонымен бірге оң элоктродты түтіктің құм қабатының ішіне саз болшектері өтіп, лайлы жүзгін байқалады. Теріс электродты түтікшеден ерітінді мөлдір болып табылады.
Конец ознакомительного фрагмента.
Текст предоставлен ООО «ЛитРес».
Прочитайте эту книгу целиком, купив полную легальную версию на ЛитРес.
Безопасно оплатить книгу можно банковской картой Visa, MasterCard, Maestro, со счета мобильного телефона, с платежного терминала, в салоне МТС или Связной, через PayPal, WebMoney, Яндекс.Деньги, QIWI Кошелек, бонусными картами или другим удобным Вам способом.