Музейлік электронды сөздік. Тәттігүл Картаева
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Музейлік электронды сөздік - Тәттігүл Картаева страница

СКАЧАТЬ і музейлеріндегі ақпараттық технологиялар, музей қорларын өңдеудің автоматтандырылған жүйесі, музей қорларын комплектациялауға арналған арнайы бағдарламалар, әлем музейлерінде қолданылатын озық технологиялар, әлем елдеріне электронды саяхаттарды жүзеге асыру сияқты мәселелер қарастырылған. Осы мәселелерді қарастыра отырып, экскурсия жүргізудің қазіргі талабына тоқталған. Сөздікке енген әрбір тақырыпты қамтитын әдебиеттер тізімін беріп отырған. Сөздікте музей ісі мен қатар ескерткіштерді қорғау саласындағы терминологияларға анықтама берілген. Ұсынылатын негізгі әдебиеттер тақырыптың соңында көрсетілген. Әлем елдеріне электронды саяхат ұйымдастыру мақсатында ғаламтор жүйесіндегі әлем музейлерінің сайты, мекен жайлары ұсынылған. Сөздікте музейлік реконструкция, музейлік экскурсия, музейлік ақпараттық технологиялар сияқты бағыттардағы инновациялық әдістерге талдау берілген.

      Музейлік сөздік жасаудағы негізгі мақсатымыз қазiргi ғылыми мәселелерді талдауға қабілетті және оны шеше алатын жоғары кәсіби деңгейлі музейтанушы-мамандарды даярлауға үлес қосу. Музей ісі және ескерткіштерді қорғау саласы бойынша білім алушы болашақ маманның тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау және қорғау жөніндегі халықаралық және отандық заңнамалар туралы нақты білімі мен көзқарасы болуы тиіс. Сондай-ақ музейлік тіркеу құжатымен жұмыс жасау, музейлік экспозиция және көрме жобалау ісімен, музей мекемелерін басқару маркетингімен, музейлік мнеджменттік қызметпен, музейлік коллекцияларды сақтау және қорғау ісімен, музейлік коммуникация және экскурсия қызметімен таныс болуы, отандық және шетелдік музеология ғылымының алдында тұрған негізгі мәселелерге байланысты сұрақтарға жауап беруі тиіс. Музей ісі мен ескерткіштерді қорғау саласына мамандар даярлау ісінде білім алушылардың ғылыми танымын қалыптастыруда музейлік танымдар мен түсініктерді оқытудың маңызы зор.

      МУЗЕЙЛІК СӨЗДІК

      АБАЙДЫҢ ЖИДЕБАЙДАҒЫ МУЗЕЙ-ҮЙІ – Ұлы ақынның туғанына 100 жыл толуы қарсаңында 1945 ж. арнаулы мемл. комиссия шешімімен Жидебайдағы Абай қыстауынан ашылған, Абайдың өмірі мен шығармашылық жолынан толық мағлұмат беретін мәдени мекеме. Семей қ-нан 180 шақырым, аудан орталығы Қарауылдан 25 шақырым қашықтықта орналасқан. 1970 ж. күрделі жөндеуден өткізілді. Музей-үйге орналастырылған заттар ұлы ақынның жақын-туыстарынан, достары мен замандастарынан алынған. Құрылымы, сыртқы пішіні Абай заманындағы көрініс-келбетін сақтаған. Ұзын дәліздің сол жағындағы бірінші есіктен ас үйге кіреді. Оған екі қазан орнатылған. Үлкенінде ет, кішісінде жеңіл тағамдар әзірленген. Қазан аспаның жанына екі самаурын, оң жақ босағада асадал мен күміс, мыс жалатылып сүйектен жасалған кішкене кебеже, үстіне оюлы поднос пен табақ қойылған. 1885 ж. Абай осы бұйымдарды Семейдің өлкетану музейіне өз қолымен өткізген. Көп заттардың ішінен қабырғадағы түс киіз ерекше назар аудартады. Ас үйдегі мұнан өзге тарихи мұрағаттардың бірі – фотосуреттер. Мұнда Абайдың үй шаруасында болған Қорамжанұлы Қатпа мен оның бәйбішесі Мақым әженің, Рысқали Исақызының фотобейнелері қойылған. Қонақ үйдің есігі дәлізден шығады. Қонақ үйде Абайдың орыс достары Е.П. Михаэлис, С.С. Гросс, Н.И. Долгополов пен П.Лобановскийлердің суреттері бар. Олардың Абай ауылында болғанын айғақтайтын құжаттармен қатар Абайдың Семейдегі өлкетану музейі коллекциясын қалыптастыруға қосқан үлесін айғақтайтын заттардың суреттері қойылған. Мұнда күміс құты, кесе, айбалта, шақша сияқты бұйымдар бар. Абай заманынан бізге жеткен ең құнды заттың бірі – 1885 ж. П.Лобановский қарындашпен салған Абай суреті. Бұл – Абайдың өзіне қарап отырып салынғандықтан және Абайдың өзі қолына ұстап көрген суреті болғандықтан аса қымбат бейне.

      Абайдың Семейдегі музейге өткізген заттарының бірі – Шақар Жаманбалаұлы бақсының бүйірлі қобызы, М.Әуезовтің «Абай жолы» романы бойынша салынған Зере әже мен бала Абайға Байкөкше ақынның қисса айтып отырған сәті бейнеленген сурет те осында қойылған. Үйдің төргі бөлмесінде ақынның өзі отырған. Осында кітап оқып, жазу жазып, жұмыс істеген. Осы бөлмеге Ділдәнің сүйек төсегі қойылып, төсек тұсына Әбдірахман мен Мағауияның суреттері ілінген. Сүйек төсек алдында төрт қабаттап көрпе салынып, екі жастық қойылған. Оған Абайдың үш ішекті домбырасы сүйеулі тұр. Дөңгелек үстел үстіне қойылған шыны қорапшаның ішіндегі Абайдың күміс қалта сағаты, қолжазбаларының көшірмесі, құс қанатынан жасалған қаламсабы мен сиясауыты ақын өмір сүрген ортаны көзге елестетеді. Үстел үстіндегі тағы бір мұрағат – Абайға шақша жасап берген шебердің қолтаңбасы. Абайдың өзі ойнап, кейін Семейдегі өлкетану музейіне өткізілген тоғызқұмалақ, дойбы тақталары мен ақынның күмістелген белдігі де – бағалы қазыналар. Ақын ғұмырының соңғы күндеріне дейін рухани серігі болған араб, парсы, түрік және орыс тілдеріндегі кітаптар мен ескі басылымдар ұлы тұлғаның дүниетаным әлемінен сыр шертеді. Төргі бөлменің кіре берісінде, оң жақ қабырғада ілулі тұрған күміс белдік пен тақия Құнанбай қажынікі. Ауызғы бөлме ортасында дөңгелек үстел үстінде сыртында күмістен бедер салынған ошақ бұтындай үлкен ағаш тегене мен бұғы мүйізінен жасалған қымыз ожау, бірнеше тегене мен тостағандар тұр. Бұл – Абай үйінің мүліктері. Оң жақтағы сүйек төсек – Әйгерімдікі. Үлкен жез леген мен қаз мойынды жез шәйнек – Абайдың шешесі Ұлжан бәйбішенің дүниесі. СКАЧАТЬ