Ағылшынша-қазақша заң терминдерінің сөздігі. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Ағылшынша-қазақша заң терминдерінің сөздігі - Коллектив авторов страница 3

СКАЧАТЬ іс-әрекет; ~ endangering life өмірге қауіп төндіретін іс-әрекет; ~ of bankruptcy банкротқа ұшырау туралы іс қозғауға негізделген іс-әрекет; ~ of God/of Providence дүлей, апат, форс-мажорлық жағдайлар; ~ of grace рақымшылық; ~ of honour наразылық білдірілген траттаны акцептеу жөніндегі нотариалдық құжат; ~ of insolvency төлем қабілетсіздігін куәландыратын іс-әрекет; ~ of law; 1. тараптардың еркінен тыс құқық әрекеті; 2. шарттың орындалуына сот тыйымы; ~ of parliament парламент қабылдаған заң, ереже, қаулы; ~ of protest вексель бойынша наразылық акті; ~ of sale сатылым туралы нотариалдық жазба; Bancruptcy ~ (ВА) банкроттық туралы заң; disparaging ~-s қадір-қасиетті қорлайтын іс-әрекет; judicial ~ сот билігінің іс-әрекеті, juristic ~ заң әрекеті; legal ~ заңды әрекет; legislative ~ заң актілері; pass an ~ заң қабылдау; to plead the baby ~ өзінің заңсыз әрекетін тәжірибесіз, ысылмағанмен ақтау; private ~ жеке заң; public ~ жалпы заң; Riot ~ қоғамдық тәртіпті бұзу туралы заң.

      АCT-IN-LAW

      заңды, іс-әрекет.

      ACTIO

      лат. сотты іс, талап; ~ civilis лат. азаматтық талап; ~ communi dividundo лат. бірлескен мүлікті бөлу туралы сот ісі; ~ contrario лат. қарсы талап; ~ damni injuria лат. залал келтіргені туралы талап-арыз; ~ directa лат. тікелей талап; ~ familiase eriscundae лат. мұраны бөлу туралы талап.

      ACTION

      1. әрекет, іс-әрекет, қылық; 2. сот процесі, сот ісі; 3. талап; ~ at law сот талабы; ~ ex delicto лат. азаматтық құқық бұзушылықтан талап, деликта; ~ for damages залалдарды төлету туралы талап; ~ for declaration of right құқықты тану, мойындау туралы талап; ~ in personam міндеттеу талабы; ~ of book debt қарызды төлету туралы талап; ~ of trover қозғалатын мүлікті иемдену туралы талап; ~ to quiet title шектеусіз құқық лауазымын мойындау туралы талап; civil ~ азаматтық талап; commence an ~ талап ұсыну; сот ісін қозғау; compromise an ~ істі бейбіт аяқтау; confession of an ~ талапты мойындау; entertain ~ талапты қарау үшін қабылдау; ground of ~ талапты негіздеу; institute an ~ талап қозғау; joint ~ бірлескен талап; legal ~ сот талабы; lose an ~ іс жөнінде сотта ұтылып қалу; matrimonial ~ ажырасу туралы талап; redhibitory ~ тауардың ақауына байланысты сатып алу, сату шартын доғару туралы талап; stay of ~ істің сотта қаралуын тоқтату; subject of an ~ талап заты; win an ~ сотта істі жеңіп шығу; consolidation of ~s талаптардың бірігуі; limitation of ~s бұрынғы талап; several ~s жекеленген талаптар.

      ACTIVITY

      қызмет, белсенділік.

      ACTOR әрекет етуші тұлға; талапкер, қуынушы.

      ACTS

      заң шығаратын жиналыс сессиясында қабылданған заңдар жинағы.

      ACTUAL

      1. фактіге негізделген; 2. қазіргі таңда бар, жарамды, күшінде; ~ costs нақты шығындар; ~ income нақты кіріс; ~ market value тауардың нарықтағы нақты құны; ~ residence нақты тұратын орны, мекенжайы.

      ADAPTED

      ыңғайлы, қолайлы, бейімделген, ыңғайланған.

      ADDICT

      есірткі құмар, нашақор.

      ADDICTION

      есірткіге құмарлық, нашақорлық.

      ADDITIONALS

      алғашқыда, бастапқыда жасалған келісімшартқа қосымша шарттар.

      ADDRESS

      1. адрес; мекенжай, жолдау; 2. жолдау; жүгіну; legal ~ заңды мекенжай.

      ADDUCE

      айғақ, дәлел ретінде көрсету.

      ADEEM

      1. кері шақыру, қайтару; 2. мұрадан, мұрагерліктен айыру.

      ADEMPTION

      1. мұра қалдырушының көзі тірісіндегі шешімі негізінде тұспалданған легатты жою, өзгерту; 2. мұра қалдырушының көзі тірісінде легатты басқа мүлік түрінде ауыстыру, алмастыру.

      ADEPT СКАЧАТЬ