Название: Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009)
Автор: Бақыт Бөжеева
Издательство: КазНУ
Жанр: Учебная литература
isbn: 9965-29-514-X
isbn:
2003 жылы 18 қарашада Рур аймағының ірі өнеркәсіп орталығының бірі Бохумда социал-демократтардың көпжылдық басқаруын қорытындылауға және келешек реформалардың болашағын белгілеуге тиісті ГСДП партиясының үш күндік съезі ашылды. Съезд делегаттарының алдында есеп баяндамасымен сөз сөйлеген федералды канцлер Г. Шредер өзінің әріптестерін реформаторлар жолында пайда болатын қауіп-қатерлерге бірлесіп жауап беруге шақырды. Социал-демократтар «Болашаққа бағыт» атты бағдарламалық құжат қабылдап, Шредер үкіметінің ішкі және сыртқы саясатын жалпы алғанда құптады. Сонымен қатар съезге қатысушылар оның партия құрамында қызмет еткеніне 40 жыл толуын салтанатты түрде атап өтіп, саяси қызметінде одан әрі жетістіктерге жете беруіне тілек білдірді.
Дегенмен, партияның жағдайы ауыр болды. Әлеуметтік зерттеулер көрсеткендей, «Бағдарлама-2010» бойынша әлеуметтік-экономикалық реформалардың жүзеге асырылуы халықтың кедей бөлігінің ғана емес, ауқатты азаматтардың да наразылығын туғызды. Басқарушы партия беделін арттыруға ұмтылған Г. Шредер реформалардың жағымсыз салдарларына көңіл толмаушылығын жиі білдіріп отырған солшыл қанат өкілдеріне, жас социалистерге, кәсіподақтар жетекшілеріне жеңілдіктер жасауға мәжбүр болды. Алайда, бұл уәделердің барлығы кеңес беру сипатына ие болды.
Ал жалпы алғанда, басқарушы партияның кезекті съезі жемісті аяқталды деп айтуға болады. Үкімет саясатына қатысты айтылған сындарға қарамастан, делегаттар Г. Шредерді қайтадан партия жетекшісі (81,1 % дауыс) етіп сайлады.
Сыртқы саясаты. Г.Коль үкіметі сыртқы саясат саласында ГФР-дың жетекші еуропалық держава және атлантикалық қауымдастықтың белсенді мүшесі ретіндегі рөлін нығайтуға көңіл бөлді. ЕО шеңберінде еуропалық интеграцияны одан әрі тереңдету ГФР-дың тағы бір маңызды міндетіне айналды. Осының негізінде Франциямен тату көршілік қатынастар орнатылды. Г. Коль Германияны біріктіруді естен шығармады және ГДР-ге қатысты дұрыс саясат жүргізді.
Г. Коль басқарған жылдардағы ГФР дипломатиясы СКАЧАТЬ