Название: Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009)
Автор: Бақыт Бөжеева
Издательство: КазНУ
Жанр: Учебная литература
isbn: 9965-29-514-X
isbn:
Осылайша, ел тұрғындарының көпшілігі ГСДП-ге қатысты мынадай қорытындыға келді: социал-демократтар ескі мәселелерді шеше алмағанымен қоса, үкіметтің күші де, уақыты да, қаржылық мүмкіндігі де жоқ жаңа мәселелерді туындатты. Үкіметпен ұсынылған реформалардың бірқатары ГСДП төрағасы, қызметтен кеткен Қаржы министрі Оскар Лафонтен атымен байланысты болды, бұл ГФР қаржы-өнеркәсіп топтары тарапынан үкіметтік бағдарламаға деген сын тудырды.
Басқарушы партияның жалпы танылған, беделді қайраткері Лафонтеннің кетуінің өзі дау-жанжалға толы болғандықтан да, ГСДП беделіне үлкен зияны тиді және Г.Шредер басшылығындағы «жаңғыртушылар» тобына қарсы наразылықты көрсетті.
Югославиядағы оқиғалар уақытша Г.Шредердің реформаторлық жоспарларының жүзеге асырылуын тоқтатты, бірақ бұл қақтығыс аяқтала салысымен оның үкіметі «Германияның жаңаруы» сайлауалды бағдарламасының аса маңызды тармақтарына қайта оралды. Онсыз да аз емес балалар жәрдемақысы көбейтілді, 16 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеген отбасылардың салықтары төмендетілді, инфляция деңгейін ескере отырып, жәрдемақыға қосымша үстеме енгізілді және т.б.
Аталған шаралар «реформалардың жаңа пакеті» деген атауға ие болды, оның негізін Шредер үкіметінің үнемдеу бағдарламасы мен мемлекеттік шығындарды қысқарту туралы шешімі құрады. 2000 жылы Германияда үнемдеудің жалпы сомасы бұрын-соңды болып көрмеген 30 млрд марканы құрады. Мемлекеттік шығындардың қысқаруы барлық министрлік пен ведомстволарды қамтыды.
Шығындарды қысқарту әскерилерге де әсер етпей қоймады. Қорғаныс министрлігі өз бюджетін 3 млрд маркаға жеткізе алмады. 2000 жылы 14 млрд марка ала алмай қалған Еңбек министрлігі мемлекеттік шығындарды қысқартудың басты құрбанына айналды. Дәл осы министрліктен зейнеткерлер, көпбалалы отбасылар, жалғыз басты аналар мен иммигранттар көптеген жәрдемақылар алды. Әлбетте, бұл шаралар халықтың кейбір топтарының наразылығын тудырды.
Социал-демократтар үкіметінің әлеуметтік реформалары 4 млн шамасындағы жұмыссыздар мәселесін мүлдем қарастырмады, яғни жарым-жартылай сипатқа ие болды. Үкімет сайлау алдында берген уәделерінің жүзеге асыру ісін кейінге жылжытып, олардың орындалуына күдік туғызды. 1999 жылы жергілікті сайлауларда жеңіліске ұшырап, жетекшілікті ХДО/ХӘО үміткерлеріне берді деген ГСДП үшін өкінішті жайт осыменен түсіндіріледі.
Жаңа үкіметтің маңызды міндеттерінің бірі – ГДР құрамында болған жаңа 6 өлкенің әлеуметтік-экономикалық интеграциялануын жеделдету болды. Елдің шығыс бөлігі экономикасындағы жетістіктер дау тудырмады. Жүздеген жаңа өнеркәсіп кәсіпорындары, банктер, сақтандыру компаниялары пайда болды, өнеркәсіп өндірісінің қайта ұйымдастырылуы жүргізілді, ғимараттар, жолдар, көпірлер жаңартылды, жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысы көбейтілді.
Дегенмен, мұнда әлі де болса өзекті мәселелер аз емес еді және бұл СКАЧАТЬ