Қазіргі заман кезіндегі Азия мен Африка елдерінің тарихы (1918–1945). I бөлім. Рыскелді Мырзабекова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қазіргі заман кезіндегі Азия мен Африка елдерінің тарихы (1918–1945). I бөлім - Рыскелді Мырзабекова страница

СКАЧАТЬ

      Жоғары білім беру жүйесінің үш сатылы деңгейге бөлінуі оқу материалы көлемінің ұлғаюына және кең көлемдегі деректік материалдар мен ғылыми әдебиетті айналымға енгізуге алып келуде. Осы орайда, тарихи және саяси сипаттағы ақпараттық деректердің көлемі ұдайы арта түсетіндігін естен шығармау керек. Сондықтан студентті осындай ақпараттық ағындар легінде өзінше бағдарлана білуіне және осындай деректік материалдарды өз бетінше талдау және сараптау білудің жаңа әдістері мен амалдарына үйрету және дағдыландыру өте маңызды. Осы әдістерді игере, студент өзінің болашақ мамандығының ғылыми бейінділігінің маңызын түсіне отырып, ең маңызды деген фактілерді өзге материалдардан екшелей білу дағдыларын меңгеретін болады.

      Аталған оқу құралының мақсаты 1918-1945 жылдар аралығында Азия мен Африка елдерінде орын алған елеулі тарихи оқиғалардың қырлары мен сырларын және себептерін ашып көрсету.

      Оқу құралын даярлау барысында тарихилық пен ғылымдық принциптер басшылыққа алынды.

      Оқу құралында материалдар фактлердің орын алу тұрғысынан берілген. Материалдардың терең түсіндірмесіз берілуі, студенттердің өзінше пайымдаулар мен ой қорытулар жасауына жол ашып отыр.

      Оқу құралында соғысаралық және соғыс кезінде Азия мен Африка елдерінде орын алған елеулі тарихи оқиғалар мен осы оқиғалардың басы-қасында болған тарихи тұлғалардың рөлі мен қызметі ашып көрсетілген.

      Басты назар Азия мен Африка елдерінде капиталистік құрылыстың орнауы мен бекінуі және отаршылдық басқарудың формалары мен тәсілдеріне аударылған. Себебі осы аталған тарихи құбылыстарды білмейінше, Азия мен Африка елдерінде осы кезде орын алып жатқан оқиғаларды бағамдау мүмкін емес.

      ШЫҒЫС ЕЛДЕРІ: ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗГІ АҒЫМДАРЫ

      § 1. ХХ ғ. бас кезіндегі шығыс қоғамдары. Капитализм феномені: қазіргі әлемдік тәртіптің қайнар көздері

Отаршылдықтың адамзат қоғамы дамуына тигізген әсері

      Отаршылдық тарихқа адамзат қоғамы дамуының ерекше кезеңі ретінде енді. Отаршылдықтың бастамасы ретінде негізін сонау XV ғасырдың соңында Васко да Гамма мен Христофор Колумб салған ұлы географиялық ашылуларды атауға болады. Географиялық ашылулар өркениеттердің өзара ықпалдасуына, ғылым мен техниканың дамуына, әсіресе, кеме жасау және теңізде жүзу ісінің дамуына үлкен себін тигізді.

      Сонымен қатар Ұлы географиялық ашылулар кезеңінен бастап:

      адамзат тарихы алғаш рет дүниежүзілік сипатқа ие бола бастады;

      дүние әлемдік капиталистік шаруашылық (ӘКШ) жүйе мен біртұтас экономикалық кеңістік қалыптасуы барысында біріге бастады;

      отаршылдық үдерістің дамуы барысында бірқатар елдер (Еуропа мемлекеттері; АҚШ, кейіннен Жапония) метрополияларға айналды;

      отарлаудың нәтижесінде әлем елдерінің басым бөлігі (Азия, Африка, Орталық және Оңтүстік Америка елдері) тәуелді мемлекетерге, яғни отар және жартылай отарларға айналды.

      Отарлық жүйе қалыптасуы қарсаңындағы кезеңдерде Азия мен Африканың халықтары өздерінің тарихи даму сатысы бойынша әртүрлі деңгейлерде тұрды. Азия елдерінің басым бөлігі феодалдық құрылыстың өркендеу шағын басынан кешіріп жатса, Африканың орталық, оңтүстік және батыс пен шығыс бөлігін мекендеген халықтар адамзат тарихы дамуының алғашқы қауымдық құрылыс пен әскери демократиялық кезеңінде өмір сүріп жатты.

      Империализмнің отарлық жүйесінің пайда болуы. Отарлау үдерісінің басталуына негіз қалаған сол кездегі қуатты саналатын еуропалық мемлекеттер Испания мен Португалия болды. Бұл елдер өздерінің қуатты соғыс және сауда флотына арқа сүйей отырып, өзге еуропалық мемлекеттерден бұрын отарлау саясатын жүзеге асыра бастағандықтан олар отаршылдықтың алғашқы ке зеңіне негіз қалаған мемлекеттер болып табылады. Отарлаудың екінші кезеңінде нидерланды, Англия, Франция сияқты жаңа отаршыл мемлекеттер Испания мен Португалияға бәсекелестік таныта бастады. Нақ осы кезеңде отарлаудың әдістері мен тәсілдерінде үлкен өзгерістер болды. Атап айтқанда, отарлаудың алдыңғы шебінде Вест-Индия, Ост-Индия, Левантийлік және т.б. сияқты ірі монополиялық-компанияларды қолдану кең етек ала бастады. Аталған компаниялар өз мемлекеттері атынан және олардың қолдауымен кеңінен әрекет жасай отырып, отарлауды жүзеге асыратын ықпалды үлкен күшке айналды. Отарлау үдерісі барысында еуропалық мемлекеттер арасында өзара бәсекелестік күрес өрши түсті. Алғашында, яғни, ХV-ХVІІ ғасырларда испан-португал бәсекелестігі орын алса, кейіннен, XVIII ғасырдың орта шенінен бастап ағылшын-француз бәсекелестігі пайда болды. Ағылшын-француз бәсекелестігі ХІХ ғасырдың 80-90-жылдарына дейін жалғаса берді.

      Алғашында еуропалық мемлекеттер отарларды тек шикізат және ауылшаруашылық өнімдерін алатын және өз тауарларын шығаратын нарық ретінде қарастырған болса, ХІХ ғасырдың 70-жылдарынан бастап, яғни, ескі капитализмнің «еркін» монополистік капитализмге ұласуы салдарынан жаңа кезеңнің дамуына байланысты отарларды қанаудың СКАЧАТЬ