Деген екен. Баянғали Әлімжанов
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Деген екен - Баянғали Әлімжанов страница

Название: Деген екен

Автор: Баянғали Әлімжанов

Издательство: Автор

Жанр: Поэзия

Серия:

isbn: 978-601-7804-14-5

isbn:

СКАЧАТЬ рiлетiндiгiн естiп, ауырып жатқан ақсақал Баянғалиға: «Менi комиссияға апар,» – дептi. Аудан мен облыстағылар әрлi-берлi қарап, ақынға: «Анда барып өйтiп жiберсеңiз, мында барып бүйтiп жiберсеңiз, бiреу-мiреулер көмектесiп жiберсе, атай машина алуы мүмкiн,» – деп ақыл берiптi. Сонда ақын: «Менiң әкем қанын блатпен төккен жоқ, машинаны да блатпен алмайды! «– деп, дёрiгердiң әдiл шешiмiне жүгiнiптi. Дәрiгерлер дұрыстап қарап: «Әкеңiздiң сырқаты бiр емес, бес кiсiге жетерлiк екен, он машиналық еңбегi бар екен!

      Мұндай ардагерлер қазiр өте аз қалды ғой, бәрiне де машина берсе артық емес,» – деп жылы сөзбен шығарып салыпты. Сөйтсе, заң бойынша, аяғынан ауыр жараланған кiсiге машина берiледi екен де, Тахаңның жарақаттары ол заңға жатпайды екен. Ақсақалды үйiне әкеле жатып, Баянғали: «Ал, ендi мазаны алмай тыныш жат үйде. Осының бәрін әуелде ойламаған өзіңнен көр! Оққа басыңды тосқанша, аяғыңды тоса қоймадың ба!? «– деген екен.

      Қара шалдар

      Мұхтар Әуезовтың 100 жылдығына арналған айтыста (Алматы, 1997ж.) шымкенттік Әселхан Қалыбекова Баянғалиға әкесі Тақан ақсақалдың қазасына көңіл айтады. Сонда сөз кезегі келгенде, Баянғали былай жырлаған екен:

      Менің әкем Тақанның

      Ерлігі көп айтатын,

      Жауған оқтың астында

      Жау тылынан «тіл» іздеп,

      Түнде талмай жортатын,

      Тоғыз танкі талқандап,

      Таң атқанда қайтатын,

      Бейбітшілік заманда

      Бір телешке шөп сұрап,

      Қолтықтап ап шалдарды

      Канторға қарай тартатын,

      Барлығын жеңген батырың

      Қайран анам Бәтима

      Марқұмнан жаман қорқатын!

      Менің әкем Тақан шал

      Фашистке ойран салыпты,

      Берлинге дейін барыпты,

      Қиратушы еді оны да

      Қырық шақырым қалғанда

      Соғыс бітіп қалыпты,

      Гитлер менен Геббельс:

      «Тақан келсе болмайт, деп,

      Жағдай енді оңбайт!» – деп,

      Атылып өліп қалыпты!

      Менің әкем секілді

      Қара шалдар жасасын

      Халық қылған халықты!!!

      Шалдар жайы мәселе саналмай жүр,

      Әлі де үкіметте қаралмай жүр,

      Бір кезде Берлинді алған хас батырлар

      Банкіден пенсиясын ала алмай жүр!

      Кемпір менен шалдарды

      Осыншама жүдетіп,

      Сорлатуға болмайды,

      Кемпір менен шалдарды

      Тарықтырып тұрмыста,

      Зарлатқандар оңбайды!

      Содан Әселхан сөзді бір кезекте бүгінгі ел байлығын тонап алған ұры-қарыларға бұрып, «сырттай қарасаң бәрі әп-әдемі, галстук тағып, тап-таза, сып-сыпайы боп жүреді, ал өз құлқындарын ойлағанда керемет! «– деп ашына жырлайды. Сонда сөзді іліп әкеткен Баянғали былай депті:

      Ұрының ең жаманы сыпайысы,

      Болмайды ондайлардың құдайысы,

      Ұрының қолын шауып тастайтұғын

      Бәрінен жақсы екен ғой Қытай ісі.

      Билікке аз ғана күн кетсе жолап,

      Алады ел байлығын түгел тонап,

      Қытайдың заңын егер бізге енгізсе,

      Болар ед бастықтардың көбі шолақ!

      Елбасымен кездесу

      1994 жылдың жазында Қазақстан президентi Нұрсұлтан Назарбаев Көкшетауға келгенде облыс басшылары Баянғалидан Қарасуға барып, өлең айтып беруiн өтiнедi. Келесi күнi қой бағудың кезегi келiп тұр екен, оны әкесiне тапсырып, ақын Бурабайға барады. Президенттiң қайықпен жүзгенiн көрген адамдар: «Мықты адам екен, соңынан жүзген екi адамға жеткiзбедi,» – дейдi. Бiраз уақыттан соң дастархан басында кезек ақынға келедi:

      Алла деп мен кiрейiн өлеңiме,

      Ризамын бүгiн сiздi көргенiме,

      Өскемен, Семей жағын орағытып

      Көгiлдiр Көкшетауға келгенiңе,

      Заманның тозаңынан тазардың ба,

      Бiр сүңгiп Қарасудың тереңiне!

      Құдайым аулақ қылсын қайғы-мұңнан

      Елiмiз айрылмасын байлығынан,

      Алып өт аман-есен қазағымның

      Кемесiн заманыңның айдынынан!

      Көмекшiң Иманғали қара бала

      Ұқсасын ой мен iсi даналарға,

      Нұрекең саясында жүргеннен соң,

      Бәйтерек болад шығар жеке дара,

      Президент суда жүзiп жүрген кезде

      Ұйқыдан тұрып жатқан жаңа-жаңа!

      Ақылмен жүрер жолды нұсқап жүрген

      Халықты жақсылыққа бастап жүрген,

      Рахмет Нұрсұлтандай ағамызға

      Амалдап орыс-қытай арасында

      Абылай саясатын ұстап жүрген!

      Беу, СКАЧАТЬ