Türk-Moğol Mitolojisi. Akedil Toyşanulı
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Türk-Moğol Mitolojisi - Akedil Toyşanulı страница 3

Название: Türk-Moğol Mitolojisi

Автор: Akedil Toyşanulı

Издательство: Elips Kitap

Жанр:

Серия:

isbn: 978-625-6494-78-7

isbn:

СКАЧАТЬ туралы да ой ұшқыны қылаң беріп, бұл тақырыптар ғалымның кейінгі зерттеулерінде де жалғасқанына куә болудамыз.

      Айталық, түрік-моңғол халықтарының отансүйгіш қасиетінің анық белгісі өздері отырған өлкелердегі қасиетті тау-тас, өзен-су, көл-бұлақ туралы шежірелер айтып, осы арқылы ұрпақтарды туған жерін сүюге баулитыны белгілі. Ғалым ежелгі батырлар мен тау көтерген алыптардың, шипагер әулиелердің басқыншы жауға қарсы күресе жүріп, өздері тау-тасқа айналып кеткені туралы сарындарды қазақ, түрік, әзербайжан, моңғол секілді халықтардың мифологиясы шеңберінде ауқымды үлгілерге сүйеніп кешенді талдаған. Қызығы, халықтарымыздың баршасы да осы мифтерді бір-бірінен қаншама қашықтықта, мейлінше жырақ отырғанымен соншалықты ұқсас кепте әңгімелеген. Демек, әрбір түріктің өз өлкелерінде тұрған қасиетті тау-тас бұрынғы бабалардың қаһармандық тарихының жанды куәгері, тарихты тірілтуші дерек, сол арқылы ұрпақты отансүйгіштік пен табиғатты аялауға шақыратын маңызды құндылық екенін зерттеуші тап басып айтқан. Мысалы, Көкшетау өлкесіндегі Жекебатыр, Апалы-сіңлілі, Оқжетпес секілді тау жоталары бір қырынан қарағанда, ерлікке қойылған табиғат ананың ескерткіші, екіншіден көркем сөзбен суреттелген мүсін деген қорытынды жасалады. Ал түріктердің барлығында кездесетін «Тасболған келін», «Аң-құсқа айналған адам» туралы айтылатын желілес мифтер «егер адамгершілікке жат қылық жасап, оғаш тірлік істесең, осындай күйге түсесің, ауыр жазаланасың» деген сарынмен адамды ескертуші, сақтандырушы қызмет атқарады. Ал аспан әлеміндегі самсаған жұлдыздар, ғаламның жаралу шежіресі, өсімдіктер мен ағаштар, өркениеттің пайда болуы, хайуанатар мен құстар, музыкалық аспаптар мен мәдени дақылдар туралы әзелгі әңгімелер түрік-моңғол мифологиясының құндылықтар жүйесіндегі інжу-меруерт екендігі әр қырынан талданған. Материалдық мәдениеттің мифологиялық қырлары зерттеуге айнала қоймаған сала десек, бұл бағытта дәстүрлі баспана киіз үйдің киесі – автор тарапынан тиянақты сараланады. Ғалымның Алтын орда, Ақ орда, Алаш орда секілді мемлекеттік құрылымның түзімі де киіз үйден бастау алғанын дәйектеуі – назар аударуға тұрарлық байлам.

      Еңбектің үлкен жетістігі – автор түрік-моңғол халықтарының мифологиялық ауқымды деректерін сол халықтардың төл тілінде қолданып, оны түпнұсқадан тікелей аударып, ғылыми нысанға айналдыра білуі жинақталған деректердің дәйектілігі мен шынайылығына сенімді нығайта түседі. Зерттеуші түрік-моңғол мифологиясының сюжеттері мен кейіпкерлер жүйесін, түп бейнелердің қалыптасу себептерін аса ауқымды деректер негізінде өзара және әлем халықтарының мифологиялық мәліметтерімен кешенді салыстыру арқылы тиянақты қорытындыларға қол жеткізе алған. Бауырлас алтай, телеуіт, тува, хакас, шор, саха, моңғол, бурят, қалмақ, ойрат, қазақ, қырғыз, ноғай, татар, башқұрт, өзбек, әзербайжан, түрікмен, түрік сияқты халықтардың мұраларын жан-жақты дәйекті байыптап, олардың төлтума мифологиясы әлемдік діндерге дейін ортақ болған деген СКАЧАТЬ