Название: Барби Бану
Автор: Ғани Бейсен Қаламгер
Издательство: Автор
Жанр: Современные любовные романы
isbn:
isbn:
– Пәтерге қашан келесіз, екеумізге сөйлесу керек еді, – деп күмілжіді. Алайда арғы жақтан жеткен дауыс қызға жекіп тастады.
– Айттым ғой жұыстарыммен жүрмін деп. Бізде комиссия бар, министерстводан комиссия кеп жатыр. Қолым босағанда өзім барамын, жарылып кетпессің қоя тұр деп тұтқаны тастай салды. Осылайша торға түскен торғайдың күнін кешкен Барби қыздың тағдыры қиындай түсті.
5 – бөлім
Мұраттан қанша құтылуға тырысқанымен Банудың дегені бола қоймады. Қайда барса да әккі шал жас қыздың соңынан қалмады. Кейде тіпті тұтқаны көтермесе Универ алдына іздеп келетінді шығарды. Бұл дегенің жас қыз үшін барып тұрған масқара, шалдың көлігін көргеннен межелі жерге қарап кеткеннен басқа амалы жоқ. Өйткені қыз қызығына құныққан шал әй шәйға қарамайтын түрі бар. Басқа жаққа бас бұрса қайтта қайт деп айқай салуға дайын. Ал мұны группаластары көрсе масқараның масқарасы сонда болмақ. Онсызда гу – гулеген өсекке ілінгені бар. Бірақ Бану қыз өсек үшін қайғырмайды. Өйткені ауыл алыс, жер шалғай. Бұл қалада туғаны да туысқаны да тіпті ауылдасы да жоқ. Оның үстіне дядкалап жүрген жалғыз бұл ғана емес. Ондай қыздар бұл Универде жетерлік. Осылайша шайпау қыз шатақ шалдың ермегіне айналды. Бірақ ойнақтап жүріп шалыс басқан аяғын қайта жинауға енді кеш еді. Ал күндер болса зулап өтіп жатты. Соңында шатақ шалдың ыңқыл қыңқылы көбейді. Арадан көп өтпей емханаға түсіп ай жатып соңында шет ел асты. Сондағана Банудың басына бостандық тиді. Алайда ақшаға құныққан қызға бұлда сабақ болмады. Өйткені қымбат пәтерден жатақханаға қайта келуге ұялды. Оның үстіне жатақханада оқуға жаңадан түскендер тұрады. Ал үшінші курсты аяқтауға СКАЧАТЬ