Барби Бану. Ғани Бейсен Қаламгер
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Барби Бану - Ғани Бейсен Қаламгер страница 2

СКАЧАТЬ Бірақ сол Арсен жайлы басқа қыздан да естігенде өз – өзіне сенбеген. Өйткені, ол махаббатқа тұрақсыз көрсеқызар жігіт. Осы Универдің қыздарына қырғидай тиіп жүрген жігіт. Ол үшін маңыздысы төсек қана. Сүйем – күйем деп алдап соғып өте шығатыны бар дейді. Ал мына бейбақ Сәуле де соның құрбандарының бірі. Әлі де сүйемін деп езіліп отыр. Бірақ уақыт емші деп қояды, жан жарам да жазылар дейді. Қысқасы бұл әңгімеден түйгені мынау болды. Енді Сәулеге де бәрібір. Әселге ұқсап ақшалы дядкалар ұсыныс жасаса қарсы емес. Етегіне жармасып жүре бермек. Сонда Банудың жалғыз өзі ғана қалады. Демек кеш қалуға болмайды, қадірің барда қамданғаның жөн, жігіт табылса кет әрі емеспін деп шешкен. Оның үстіне бұл қалада сондай сөз салғанның бәрі бай. Тіпті бірінен бірі өткен бай. Ақшаның бәрі осында ма екен дерсің. Сонау тәулігі жүз мыңнан миллионға дейін барады деген қонақ үйлерді естігенде аузы айқарадай ашылған. Ол рас енді. Мұнда көк қағазды уыстап шашатындар жетерлік. Бірақ сондай байлардың өзін емес ұлын құрықтасам дейді. Бұл тек қана мына екеуінің емес осындағы барлық қыздың арманы. Қысқасы ой үстінде көп жүрген Бану бір күндері өзі ұнатқан жігітке жолықты. Бұл мамырдың соңы бірінші курсты тамамдап үйге қайтқалы жүрген кез. Енді мұның алдында өзі үшін үлкен бір проблема тұрды. Ол шешесін қалайда көндіріп, осы қалада қалып жұмысқа тұру. Мұнысы өзіне дұрыс сияқты. Өйткені ауылға барғанда не істейді, босқа жүреді. Бірақ оған шешесі көне ме?! Егер шешесі көнбей ауылға қайтса онда сөзімен сымбаты жарасып сезімі ояна бастаған мына Ерланнан айрылуы керек. Әрине үш ай деген зу етіп өте шығары сөзсіз. Бірақ сол үш ай бойы Ерлан мұны күтіп жүре ме. Кеше ғана сүйем ғой жаным осында қалшы деп қос қолын ұсынғаны бар. Ал енді кетіп көр, қимай тұр. Міне бұл махаббаттың бастауы. Мұнымен ауылға жеткен соң үш ай үш жылдай созылары анық . Өйткені бұл жігітті өзі де сүйеді. Бірақ амалы жоқ. Ауылдағы анасы қарсы тұрды.

      – Оқуың біткеннен қайт, сені сағындым ғой қызым деп телефоннан жеткен ана дауысы жүрегін езіп жіберді. Оның үстіне сонау қаңтардан бері көрмеген анасын өзі де қатты сағынған. Осылайша анамен ауылға деген сағынышы қосылып анашым күт мені деп қол бұлғап қала берді …

      3 – бөлім

      Анасына үш ай көзді ашып жұмғанша өте шықты. Ал Бану үшін үш ай үш жылға созылды. Тіпті күн санап жүріп тамыздың соңын әрең келтірді. Оқуы басталуға апта қалғанда арқаланып алып қалаға ұшты. Ұшпай қайтсін телефонда сөйлесіп жүрген жігітке өлердей ғашық болды. Қолына бір құшақ гүл ұстап вокзалда тұрғанын көргенде тіпті де есі кетті.

      – Жаным менің! Мен сендікпін сен мендіксің. Енді бізді ешкімде ажырата алмайды, деп көлік тізгіндеген жігіттің қойнына тығыла берді. Қысқасы махаббатқа масайрап тәтті қиялдарға барып қайтты. Осылайша қос көзіне Ерланнан басқа ешкім көрінбеді. Сымбатты ғой сымбатты, өйткені, бұл менің ғана падишахым дейтін болды. Тіпті басқа қыздармен көрсе құрақ ұшып қызғанатынды шығарды. Соңында Универдің жатақханасын тастап СКАЧАТЬ